Previous Page  38 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 144 Next Page
Page Background

38

Жұмақтың кілті жаныңда

мейірімді сый ретінде берген. Сәбиінің шақыруына

жауап беруге ұмтылған ана алдынан қандай кедергі

шықса да, сәбиі үшін жанын пида етуге де даяр. Әке

түнде бала жыласа, дауысын естімеу үшін басқа

бөлмеге барып жата алатын шығар. Ал ана ондайға

бармайды. Ол сәбиі жыласа, түнгі ұйқының тәттілігін

де елемей, жылы төсегінен атып тұрады. Әке күндіз

түздегі жұмыстармен жүріп, балалардың у-шуынан

құлағы тынышталады. Ал ана болса, күндіз-түні

баласының қасында. Соның жағдайын жасап, күн

демей-түн демей аялы алақанымен әлпештей түседі.

Ананың балаға деген осындай шексіз сүйіс-

пеншілігін халқымыз аңызға айналдырған. Бір сұлуға

ғашық болған жігіт, әлгі сұлудың анаңның жүрегін

алып келсең ғана саған жар боламын деген шартын

орындамақ болады:

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,

Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.

Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың

Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.

Сүюдің серті ме еді соның бәрі,

Ол, міне, қыздың шартын орындады.

Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,

Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек кетті түсіп қолдан.

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы», – депті оған...

Иә, тұла бойына мейірім тұнған ананың ақысын

өтеу мүмкін бе?!