36
Жұмақтың кілті жаныңда
Баланың мойнында өмірде тартқан тауқыметіне
қарайәкеге қарағандашешеніңақысыкөбірек. Өйткені,
ол баласын жатырында тоғыз ай көтеріп, қаншама
қиындық көреді. Сәбиді дүниеге әкелу үстінде толғақ
қысып жанын пида еткен аналар қаншама. Дүниеге
әкелгеннен кейін де оны күндіз-түні мәпелеп, емізіп,
түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегі шыр етіп оянса қоса
оянатын нағыз мейірім қаһарманы емес пе?!»
28
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көптеген
хадистерінде ананы ардақтауды өсиет еткен. Бір күні
Аллаһ Елшісінің жанына бір кісі келіп: «Ей, Аллаһтың
Расулы, ең көп жақсылықты кімге жасайын?» – деп
сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз «Анаңа», – деп жауап
қатады. Әлгі кісі сұрағын үш мәрте қайталап қояды.
Үш мәртесінде де Аллаһ Елшісі: «Анаңа», – деп жау-
аптайды. Тек төртіншісінде ғана: «Әкеңе», – дейді
29
.
Пайғамбарымыз келесі хадисінде де: «Аллаһ
тағала сендерге алдымен аналарыңа, сосын әкелеріңе,
одан кейін барып туған-туыстарыңа жақсылық жасау-
ды өсиет етеді»
30
, – деп, ананы бірінші орынға қояды.
«Жаннат аналардың табандарының астында»
31
, – де-
ген Аллаһ елшісі жаннатқа аналардың ризалығын
алу арқылы баруға болатынын білдіреді. Хадистер-
ден көріп отырғанымыздай, өмір атты даңғылдағы
жолбастаушымыз хазрет Мұхаммед пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да әкелерге қарағанда аналар-
ды үш есе артық бағалаған. Ананың әкеден үш есе
28
А. Әділбаев. Кемелдік кілті. 58-бет, Алматы, 2009.
29
Буһари. Әдеп. 2; Муслим. Бирр, 1.
30
Ибн Мажә. Әдеп. 1; Ахмед ибн Ханбәл. әл-Муснәд. IV, 132-бет.
31
әл-Кудаи. Муснәдуш-Шихаб. I, 102-бет.