Previous Page  32 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 144 Next Page
Page Background

32

Жұмақтың кілті жаныңда

ананың жүрегі сыздайды. Ұлттық тәрбиенің негізін

қалаушылардың бірі Ыбырай атамыз бұл тақырыпты

төмендегіше өлеңге қосқаны мәлім:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргектеп,

Қорғасын оқтай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Айдынды көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан

24

.

Бізді құшағына басып, басымыздан иіскеп,

еркелетіп сүйген, қайғы-мұңымызды бөліскен, өзі же-

мей бізге жегізген, өзі кимей, бізге кигізген, аштығы

мен тоқтығын біздің аштығымыз бен тоқтығымыз

арқылы сезінген, қуанышымыз бен бақытымыз

үшін шыбын жанын шүберекке түйіп қиын-қыстау

күндерге мойымаған, тұла бойымыздың сымбатты,

ерік-жігеріміздің қайратты, ақылымыздың ұшқыр,

ой-өрісіміздің терең болуы үшін бар қажыр-қайратын

жұмсаған, осылардың бәрін атқару барысында

ешқандай да бізден ақы күтпеген бір ғана адам бар,

ол — ана. Сондықтан ана болу – аса лауазымды таққа

отыру деген сөз. Бірақ, бұл патша тағындай емес.

Ол басына алтыннан тәж кимейді, бірақ көңілдердің

24

Ай, заман-ай, заман-ай, (Бес ғасыр жырлайды). құр: М. Мағауин;

М. Байділдаев. II, 16-бет, I-II том, Алматы, 1991.