Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
27
етті. Өмірімнің соңына дейін маған намаз оқуды, зе-
кет беруді парыз қылды. Анама мейірімді, қайырлы
перзент етіп, ешуақытта дөрекілік пен бейбақтыққа
ұрындырмады»
20
.
Олай болса ата-анаға құрмет – әу бас-
тан пайғамбарларға тән қасиет. Аллаһ тағала
пайғамбарлардың
ата-аналарына
көрсеткен
құрметтерін Құранда баяндап, олардың осы
әрекеттерін бізге үлгі ретінде ұсынады.
Мұхаммед пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әкесі өзі әлі дүниеге келмей тұрғанда, ал анасы алты
жасқа толған кезінде өмірден озған-ды. Сондықтан
Пайғамбарымыздың көзі тірісінде ата-анасына
көрсеткен құрметі жайлы дерек кездеспейді. Алайда
Пайғамбарымыз өзінің сүт анасы хазірет Халимаға ба-
рынша құрмет көрсеткен. Бір күні Халиманың келгенін
көріп, орнынан тұрып, өзінің шапанын оның астына
төсеніш ретінде төсейді. Ол кезде тіпті Халиманың
мұсылман болып-болмағандығы да беймәлім еді.
Соған қарамастан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сүт анасына деген құрметін осылайша білдіреді. Оған
деген құрметінің белгісі ретінде «сахаба мазары» са-
налатын Мәдинадағы Бақи мазарлығынан оған да
орын алғызады.
Құранда Сүлеймен пайғамбардың (а.с.) ата-анасы
үшін:
«Уа, Раббым! Мені үнемі маған және ата-
анама берген нығметтерің үшін шүкіршілік ететін
құлдарыңнан ете гөр»
21
деп дұға еткендігі баяндала-
ды. Осылайша ол Аллаһ тағаланың ата-анасына бер-
20
«Мәриям» сүресі, 31-32-аяттар.
21
« Нәмл» сүресі, 19-аят.