Previous Page  22 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 144 Next Page
Page Background

22

Жұмақтың кілті жаныңда

баласынан қай кезде болмасын ата-анасына жұбаныш

болу талап етілген.

Ата-анаға «үһ» деу – ең ауыр сөз

Жоғарыдағы аятты қайта қарастыратын болсақ:

«Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда

тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айт-

па. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы

сөйле...»

17

, – делінген.

Ең әуелі аятта баланың ата-анасымен қандай

қарым-қатынаста болып, оларға қалай сөйлеу керектігі

көрсетілген. Перзенттің ата-анасына қарсы келуі,

жекуі, ұрсуы, қол көтеруі, жүректеріне кірбің түсіруі,

оларды жалғыз тастауы былай тұрсын, «үһ» деуіне де

болмайды. Құран ата-анаға құрметсіздіктің ең өрескел

түрін «үһ» деген сөзбен бейнелейді. Олардың алдында

«үһ» деген сөзді айтудың өзіне тыйым салса, оларға

қарсы сөз айтып, жекудің қаншалықты жиіркенішті

екенін өіңіңіз-ақ пайымдай беріңіз.

Ата-анаға деген құрмет қоғамның да ұйытқысы

болғандықтан Жаратушы Жаппар Иеміз Құранда

бұған ерекше тоқталған. Сондықтан мұсылман пенде

бұл мәселеге үстірт қарай алмайды. Алайда, дәл осы

мәселеде тек қана діни және ұлттық тәрбиеден шеттеп

қалғандар ғана емес, кейде өзін мұсылманмын деп,

Исламның бүкіл құндылықтарын жан-жүрегіммен

қабылдадым дегендердің өзі де қателікке ұрынып жа-

татыны ащы шындық. Иман келтірген жан Жаратқан

Иенің

разылығына

жетелейтін

іс-әрекеттерді

атқаруымен қатар, Оның разылық танытпаған амал-

дарын да жасап, жақсылық атаулыдан жұрдай болма-

17

« Исра» сүресі, 23-аят.