Previous Page  25 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

25

оқиғаның бір ғибраты ─ ата-ананың алдындағы

әдептілікті, мұсылмандықтың белгісін білдіреді.

Жоғарыдағы аятта Аллаһ тағала бізден ата-

ананың алдында сыпайы сөйлеп, кішіпейіл болумен

қатар, олар үшін әрдайым қол жайып дұға жасауымыз-

ды талап етеді. Біз Хақ тағаланың ұлылығын мойын-

дап бас иеміз. Ал Жаратқан Ие ата-анамыздың алдын-

да да біздің құрметпен бас июімізді қалайды. Аятта

ата-анамызға деген борыштарлық сезімімізді оятып,

оларға қалай дұға жасау керектігін:

«О, Раббым! Олар

мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса,

оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!»

– деп көрсетеді.

Құран Кәрімнің 114 жерінде Аллаһтың «Рах-

ман» және «Рахим», яғни асқан мейірімді мен тым

рақымды екендігі айтылады. Ал жоғарыдағы аятта

бізден ата-анамыз үшін Аллаһ тағаланың осындай

шексіз мейірімін тілей отырып дұға жасауымыз талап

етілген. «Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп

өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!»

деп, дұғамызға Аллаһ тағаланың мейірімін арқау

етуді үйретеді. Әрі «Олар мені кішкентай күнімде

қалай мәпелеп өсірген болса» дей отырып, олардың

осы уақытқа дейін біз үшін жасаған жақсылықтарын

есімізге салып, осыныүнеміжадымызданшығармауды

ескертеді.

Сонымен қатар Құранда Аллаһ тағала «Ибраһим»

сүресі 41-аятта Ибраһим пайғамбардың (а.с.):

«Ей,

Раббымыз! Менің, ата-анамның және барлық

мұсылмандардың қиямет күні күнәсін кешір!»

– деп

ата-анасы үшін жасаған дұғасын бізге үлгі ретінде

ұсынады. Тіпті пайғамбарымыз Мұстафаның

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

үйретуі бойынша намазда біз осы дұғаны