Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
21
қаңғыртып, қайысқан қабырғасын қаңсыратпаңдар.
Ол қазір ең ауыр күндерін басынан өткізуде. Айна-
ласынан қайғысын бөлісетін дос іздейді. Өмірінің
үмітіне айналған баласының өзіне көңіл бөлгенін
қалайды. Немерелерінің басынан иіскеп қайғысын
сейілтуге тырысады. Жалғыздық қасіретін ұмытып,
өзін бақытты сезінгісі келеді».
Шын мәнінде Аллаһ тағала аятта «олардың бірі»
депбөліпкөрсетуарқылы, адамзатты«өмір»дегенауыр
соқпақта жол серігінен айрылып, көңілі құлазыған
қарттың ішкі жан дүниесін түсінуге шақырады. Өте
сезімтал жүрекпен, шын пейілмен оларға қызмет
көрсетуді бала-шағасынан талап етеді. Қартайған
шағында көңілшек боп кететін қарт жан-жарынан
айрылғанда тіпті қауқарсыз сәбидей қорғансыз күйге
түседі. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың:
Неменеңе жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, – деп дөп басып,
өлеңмен өрнек өргені тәрізді, қарттыққа бой алдырған
жан, оның үстіне ғұмырлық серігінен айрылса,
«күнінде асыл десең де, қартайған күнде ер жетімнің»
күйін кешеді. Ондайда оның хал-ахуалын жиі сұрап,
ас-суын әзірлеп, дәрі-дәрмегін уақытымен ұсынып,
көрпе-жастығын жайлы етіп төсеп, отбасының
қуанышты жаңалықтарын бөлісіп, әңгімелесіп, талап-
тілегін сұрап отырған абзал. Сонда жалғыздықтан
жабырқап жүрген қарттың жаны рахатқа бөленіп, бір
жасап қалады. Іштей баласына елжіреп, батасын беріп,
ризашылығын білдіреді. Сондықтан дінімізде адам