Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
17
астыңдағыларға да жақсы қарым-қатынаста бол.
Аллаһ тағала өзімшіл және мақтаншақтарды жақсы
көрмейді»
, – деу арқылы ата-анаға құрмет көрсетуді
бұйырады. Аятта Аллаһ тағала адамдарды бір-біріне
жақсылық жасап, құрмет көрсетуге шақырады.
Қоғамдық қатынастарда игілікті негіз етіп белгілейді
де сол игіліктің төріне ата-ананы шығарады. Аллаһ
тағалаға ғибадат етіп, Оған серік қоспау әмірінен
кейін бірінші орында ата-анаға құрмет көрсетілу ке-
рек екендігі баяндалады.
«Сендерге Аллаһтың нені харам еткенін
білдірейін. Оған (Аллаһқа) ешнәрсені серік қоспаңдар,
ата-анаға жақсылық жасаңдар! Кедейліктен
қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларға да,
сендерге де ризық береміз. Жасырын болсын, жария
болсын, жамандыққа жуымаңдар. Нақақтан адам
өлтірмеңдер. Ойлануларың үшін Аллаһ сендерге осы-
ларды өсиет етеді»
13
, – деген аятта да ата-ана ақысы
Аллаһтың ақысынан кейін айтылады. Бұл аятта адам
баласына жүктелетін екі ақы бірінен кейін бірі баян-
далады. Алғашқысы – Аллаһтың ақысы. Аллаһтың
ақысы дегенде ең бірінші ойға оралатыны – Оның
жалғыз, дара екеніне сеніп, Оған ешқандай серік
қоспау. Екіншісі – кісі ақысы. Ал кісі ақысында бірінші
орында адам баласы үшін ата-ана алдындағы боры-
шы тұрады. Осыған орай аятта ата-анаға жақсылық
жасап, қайырлы ұрпақ болу міндеті дереу Аллаһтың
ақысынан кейін айтылған.
Құран Кәрімдегі келесі аятта Аллаһ тағала Исра-
ил ұрпақтарына да Өзіне құлшылық ету міндетінен
13
«Әнғам» сүресі, 151-аят.