Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
23
уды да ескергені жөн. Бұл жөнінде мұсылман ойшы-
лы Ф. Гүлен: «ХХ ғасырда елеусіз қалып, маңызсыз
мәселелердің қатарына ысырылған құндылықтың бірі
– ата-ана ақысы. Осы жайдың Батыста белең алуы
қалыпты жайт деп қабылдасақ та, мұсылман әлемінде
мұндай түсініктің орын алуы ақылға қонымсыз
әрі таңқаларлық мәселе. Біріншіден, Құранда ата-
ананы «уәлидәйн» деп бір сөзбен беріп, бір кісідей
көрсетіп, олардың ақысын Аллаһ пен Аллаһ елшісінің
ақысымен бір қатарда баяндайды. Сондықтан біздің
мойнымызда осы ұмытылған немесе ұмыттырылған
ақиқаттарымызды ұрпағымыздың қайтадан есіне
түсіру міндеті тұр. Әсіресе білім беру саласында
жүргендердің бәрінің бұл міндетті қоса атқарулары
тиіс.
Бүгінде Ислам діні үшін өмірлік маңызы бар
мәселелермен шұғылданып жүрмін деп, ата-ана
ақысына немқұрайдылықпен қарайтын жандар
да кездеседі. Бұл аса қауіпті қателік. Тіпті мұның
дұрыс еместігін білмейтіндер немесе оны дұрыс
емес деп қабылдамайтындар хақ жолдан тайып бара
жатқандарын да сезбейді»
18
, – дейді.
Кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды
перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Ал ата-
ананың перзентінен күтетіні тек қана материалдық
көмек пе? Өзіңнің күйбең тіршілігіңнің арасын-
да ата-анаңа уақыт бөліп, жанына жиі барып, хал-
жағдайын біліп, қасында отырып әңгімелессең, бала-
шағаңды ертіп барып, бастарынан иіскетіп, көңілін
көншітсең, келінінің демдеген қою шайын ұсынып,
18
Ф. Гулен.
Фасылдан-фасыла-3
. 104-105-б.