Previous Page  18 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 144 Next Page
Page Background

18

Жұмақтың кілті жаныңда

кейін ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғанын баян-

дайды:

«Бір кездері Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан

басқасына құлшылық қылмаңдар, ата-аналарыңа

жақсылық жасаңдар, жақындарыңа, жетімдерге,

кедей-кепшіктерге қайырымды болыңдар, адамдарға

жақсы сөздер айтыңдар, намаз оқыңдар, зекет

беріңдер», – деп, уәделерін алған едік. Сол серттен

көбің тайып кеттіңдер»

14

.

Демек, ата-анаға құрмет тек қана хазірет

Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үмбетіне ғана емес,

бізден бұрынғы пайғамбарлардың үмбеттеріне де

өсиет етілген маңызды міндет екенін көреміз.

Сахаба Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) бір күні

Пайғамбарымыздан: «Аллаһқа ең жағымды, ең

сүйкімді нәрсе не?», – деп сұрағанда Аллаһ Елшісі оған

былай деп жауап қатады: «Кешіктірілмей, уақытында

оқылған намаз». Сахаба әрі қарай сұрағын жалғастыра

түседі: «Уа, Аллаһтың Елшісі, ал одан кейінгі ең ізгі

амал қайсысы?» дегенде Аллаһ расулы: «Ата-анаңа

жақсылық жасау» – деп жауап қатады

15

.

Мән беріп қарайтын болсақ, Құранда Аллаһ

тағала Өзіне құлшылықтан кейін ата-ананы

қастерлеуді бұйырса, Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

де Жаратушы Иенің үйретуімен ата-анаға жақсылық

жасауды құлшылықтан кейінгі маңызды іс ретінде

қарайды. Сондықтан хадистерде де Аллаһ тағалаға

құлшылықтан кейін ата-ана ақысы баяндалады.

14

«Бақара» сүресі, 83-аят.

15

Бухари. Жиһад. 1; Әдеп, 1; Муслим, Иман, 137-140.