Previous Page  15 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

15

тын. Ислам діні келмей тұрып қараңғы түнекте адасып

жүрген адамдарға күннің көзін айқара ашып, жарыққа

қарай бастаған Аллаһтың ақырғы елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

ата-ананы жаннаттың қақпасына һәм көлеңкесіне

теңеген. Оларға жақсылық жасаудың қадір-қасиетін

баяндаған. Үмбетін ата-ананы құрметтеуге шақырған.

Төменде Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың

хадистері негізінде осы екі абзал жанды қадір тұту

жөніндегі мәселелер қозғалмақ.

Жаратқанға құлшылықтан кейінгі парыз

Барша адамзаттың жаратылу мақсұты – Аллаһ

тағаланы тану және Оған құлшылық жасау. Өмірдің

ең басты ақиқаты осы. Құранда бұл ақиқат, яғни

Аллаһ тағаланы танып, Оған лайық түрде құлшылық

ету жайлы баяндалған соң, ата-ананы сыйлап, оларға

жақсылық жасау міндеті айтылады. Ұлы Жаратушы

Иеміз адамдарға Өзіне құлшылық жасаумен қатар,

ата-анаға құрмет көрсетуді бұйырады.

«Исра» сүресінің 23-аятында Аллаһ тағала:

«Раббың тек қана өзіне құлдық, ата-анаға

жақсылық жасауды бұйырды»,

деп, Аллаһ тағалаға

құлшылық жасау тәрізді ата-анаға жақсылық

жасаудың да парыз екенін мәлімдейді.

Аллаһ тағалаға құлшылық ету мен ата-анаға

жақсылық жасаудың бір аятта, бірінен соң бірі баян-

далуы

Аллаһ тағаланың ата-ананы қадірлеуге

қаншалықты мән беретінін көрсетеді. Әрі бұл аятта

Аллаһ тағалаға құлшылық пен ата-анаға жақсылық

жасау арабшадағы «қада» етістігі арқылы берілген.

«Қада» етістігінің мағынасы «нақты үкім берді,

бұйырды» дегенді білдіреді. Демек, Аллаһ тағалаға