Previous Page  11 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 144 Next Page
Page Background

Жұмақтың кілті жаныңда

11

Ата-ананың қадірін білмеген қоғам ұрпағынан сый

күтпесін. Елдіктің бастауы – бесік. «Ел болам десең,

бесігіңді түзе», – деп бекер айтылмаған. Ұрпағымыз

бесіктен белі шықпай жатып тілазарлық етпесін де-

сек ата-анамызға деген сый-құрметімізді ой елегінен

өткізгеніміз абзал. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадисінде:

«Сендер әкелеріңе (ата-

аналарыңа) жақсылық жасаңдар, балаларың да сен-

дерге жақсылық жасасын»

11

, – деп ғұмырлық өсиет

етті. Ата-анамызға көрсеткен сый-құрметіміздің өтеуі

балаларымыздан қайтатынын мәлімдейді. Құран

Кәрімде айтылғандай:

«

Жақсылықтың нәтижесі

жақсылықтан басқа болушы ма еді?»

12

. Бұл – құдіреті

күшті Аллаһ тағаланың орнатқан заңы. Олай бол-

са, шаңырағымыздың керегелері сыйластықпен

керілсін десек, отбасымызға бақ қонып, берекесін

берсін десек, ата-анамыздың алдында құрақ ұшып,

мерейін өсірейік. Олардың ризашылығына бөленіп,

ақ батасын алайық. Ал бұл жолда бізге жөн сілтейтін,

бағыт-бағдар көрсететін Құран Кәрім мен Аллаһ

елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадистері екені даусыз.

Себебі рухани құндылықтарымыздың негіздерін

үйренуде біздің ең басты қайнар көзіміз – Құран

мен сүннет. Осы екі қайнар көзде ата-ана ақысына

қатысты айтылған ұстанымдар дініміздің аталмыш

тақырыптағы тұжырымдарының айғақтары болып

саналады. «Жұмақтың кілті – жаныңда» атты кітап

Құран мен сүннеттің ата-ананың қадірі жайлы ұлық

11

әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. I, 299-бет; әл-Хаким, әл-

Мустәдрәк, IV, 171-бет.

12

«Рахман» сүресі, 60-аят.