Previous Page  8 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 144 Next Page
Page Background

Жұмақтың кілті жаныңда

8

алдында тізе бүгіп, небір марқасқа жандар ананың

елі, жері, ұрпағы үшін көрсеткен жанкештілігіне тәнті

болған. Ананы отбасының тынысына, елдің ырысына

балаған.

Исі мұсылман халқымыз отбасында имандылық

тәрбиемен көсегесі көгеріп ананың ақ сүтін ақтауды

өзіне борыш санаған. Ананың көңіліне кірбің түсіріп,

тілін алмауды, дауыс көтеруді кешірілмес күнә деп

білген.

«

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды»

деген.

Батыр мінезді, кемеңгер Құнанбай қажының өзі

бойындағы имандылық тәрбиенің ықпалымен әрбір

ісін қарт анасының батасымен бастаған. Осы орай-

да «Абай жолы» эпопеясына қайта оралып, мына

көрініске назар салайық: «Ұлжанның үйінің түстігіне,

Күнке, Құдайберді, Айғыздар да жиналып отыр еді.

Құнанбай Зереге қарап отырып, осы барлық туысына

арнап аз сөз айтты. Онысы – ұзақ жолда көңіліне кел-

ген мұң-уайымының үлкені еді.

Құнанбай өз басының жалғыздығын осы жолы

қатты аңғарыпты. Аға, ініде серікке жарар медеу жоқ.

Баланы ойласа, бәрі де жас. Және бір өкінгені – көп

баланы үйлендіріп, немере сүйетін шағына жетсе де,

сол қызықты өзіне-өзі іркіп, кешеңдетіп кепті. Енді

сүйтіп, балаларының қызығын көрмек.

Бұған Зере бастаған бар шеше қуаныш айтқаннан

басқа қарсылық білдірген жоқ»

6

.

Міне осылайша атам қазақ ананың отбасындағы

орнын сыйлап, қастерлеп, мерейін асырған. Көңіліне

6

М. Әуезов. Абай жолы. I, 228-бет.