Жұмақтың кілті жаныңда
9
қуаныш ұялатып, ақ батасын алуға талпынған.
«Аллаһтың разылығы – ата-ананың разылығында,
Аллаһтың қаһары – ата-ананың ашуында»
7
деген
Пайғамбарымыздың хадисін өмірлік бағдаршамына
айналдырған. Ата-ананың борышын өтеуді, оларды
сыйлап-қадірлеуді мұсылмандық парыз деп түйген
халқымыз ықылым заманнан:
«Балам деп бауырын езген ата-анаға,
Демеу боп тұралық та біз қасында.
Дүние бұл бір керуен сарай екен,
Не жетсін, шамаң келсе, сыйласуға.
Кезекпен келтіріпті күн көрсін деп,
Ұқсатып адамзаттың тұлғасына.
Қарызын ата-ананың өтеу парыз,
Адам боп жаралған соң ту басында»
8
, – деген
даналық пайым жасайды.
Қазақымұсылман отбасында ата-анашаңырақтың
шамшырағы, әрқайсысы өзіндік шоқтығы биік
тұғырымен отбасының ұйытқысы. Аллаһ тағаланың
адам баласына сыйлаған құнды нығметі. Осы
нығметтің қадірін жете түсінген халқымыз: «Алты
аға бірігіп – әке болмас, жеті жеңге бірігіп – ана бол-
мас» – деп түйінді тұжырым жасаған.
Өкінішке қарай, елімізде жетпіс жыл туын
желбіреткен
атеистік
қоғамның
салдарынан
бойымыздағы асыл қасиеттердің жігі біртіндеп
сөгіліп, орнына өз басының қамынан аспайтын
шалағай түсініктер бой көтере бастады. Әке мен
7
Бәйһақи. Шуабул-иман. VI, 177-бет.
8
Бес ғасыр жырлайды. I, 270-бет.