Previous Page  6 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 144 Next Page
Page Background

Жұмақтың кілті жаныңда

6

Бұлтты күнде толғанған,

Тар құрсағын кеңіткен,

Тас емшегін жібіткен,

Анаң бір аңырап қалмасқа

2

, – деп жырлайды.

Халқымыз қашан да әкені шаңырақтың иесі,

қамқоры, қорғаны деп таныған. Әке – отбасының асы-

раушысы.

Қарны ашып қарағымның қала ма деп,

Баланың ата қамқор шаруасында,

3

– дегендей,

бала-шағасының нәпақасын тауып, солар (кемтарлық)

кемдік көрмесін, оқысын, оң-солын танысын деп қара

терге малынған қайран әкелер! Осы қасиетіне орай

Аллаһ тағала әкелердің отбасындағы рөлін бір саты

жоғарылатып:

«...Дегенмен еркектер әйелдерден бір

саты жоғары үстемдікке ие. Осының бәрі Аллаһтың

құдіреті, даналығы арқылы орындалып жатады»

4

,

дейді. Ұлы Жаратушы Иенің әміріне құлдық ұрған

халқымыз әкенің отбасындағы басшылық рөлін

құрметпен бағалап «еркек – бас, әйел – мойын» деген.

Әкеге шаңырақтың төрінен орын берген. «Отағасы»

деп сыйлап, әке үкімін «айтылған сөз – атылған

оқпен» тең көріп, қарсы шықпаған. Ақ жаулықты ана-

лар да отағасының мәртебесін үнемі асқақтата көтеріп

отырған.

Қазақ даласының тұрмыс-тіршілігінің айнасы

іспеттес болған «Абай жолы» роман-эпопеясында

Мұхтар Әуезов аналардың даналығын былай-

2

Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары. (жин: М.

Жармұхамедұлы). 11-бет, Алматы, 1992.

3

Бес ғасыр жырлайды. I, 270-бет, (I-II т.), Алматы, 1989.

4

«Бақара» сүресі, 228-аят.