Жұмақтың кілті жаныңда
5
болады. Бір-бірінің қамын ойлаған мұндай жанұяның
Аллаһ тағала берекесін арттырады. Отбасы ғанибеті
дегеннің өзі осы емес пе?!
Атам қазақ Аллаһ тағаланы Жаратушы Ием деп
мойындап, мұсылмандық дүниетанымын тұрмыс-
тіршілігіне арқау еткендіктенотбасыұғымыныңқадір-
қасиетіне бөлекше мән берген. Сондықтан кешегі
қылышынан қан тамған дінсіздендіру, ұлтсыздандыру
саясатының ызғары келмес бұрын қазақтың қара
шаңырағында балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға
ізет, ініге ілтипаттың орны бөлек болған. Үлкенге
құрметті парыз санап, ата-анасы өз алдына, бүкіл
жасы үлкен буынның алдынан кесе-көлденең өтпеуді
кісіліктің келбеті деп түсінетін. Ата-ана мен бала
арасындағы сыйластық, аса құнды заңдылықтарға
бағынатындықтан ой-толғамы мен іс-әрекеті өзара
үндесіп жататын. Ата мен бала өз міндеттерін дұрыс
атқаруынан екі жағы да ләззаты мол, имандылығы
терең тіршілігінің рахатын көретін. Екі жақ та бір-
бірінің қамын ойлап, көңілін тауып, ризалықтарын
білдіріп, амандық-саулығына тілеулес болатын. Со-
дан болса керек, Бұхар жырау:
Тоғызыншы тілек тілеңіз
Төреңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа, – деп атаның қамын ойласа,
аналарға деген тілегін одан да асырып:
Оныншы тілек тілеңіз
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,