3
Сөз басы
Он сегіз мың ғаламды жаратып, бізді жоқтан бар
еткен, ақ пен қараны ажыратар ақыл беріп, сансыз
нығметке бөлеген ─ Аллаһ тағалаға мың да бір мадақ
айтып, шексіз шүкіршілігімізді білдіреміз! Мейірімі
шексіз Жаратушымыз бізге баға жетпес иман мен Ис-
лам нығметін сыйға тартты. Жаратқанның адамзатқа
жіберген соңғы Пайғамбары
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
арқылы
жолдаған хабарында:
«Нығметтерімді санап бітіре
алмайсыңдар»
1
, – делінген. Расында нөсер жаңбырдай
төбемізден көл-көсір жауған нығметтер айналамызды
нұрландырып, тіршілігіміздің сәнін кіргізіп, өмірге
деген құштарлығымызды арттыра түседі.
Аллаһ тағаланың тарту еткен нығметтерінің
бірегейі отбасы екенін ескерсек, оның дініміздегі
орны бір төбе. Көптеген аят-хадистер адамдарды
бас қосып, шаңырақ құруға шақырады. Өйткені, от-
басы – адамның өз бақытын табатын ортасы, ұрпақ
жалғастығының себепкері әрі қоғамның бастауы.
Шаңырақтың беріктігі – қуатты қоғамның белгісі
болса, отбасылық құндылықтардың құнсыздануы –
қоғам құлдырауының алғы шарты.
«Ер басында бақыт бесеу: астыңдағы атың жүрдек
болса – жалғанның пырағы. Алғаның жақсы болса –
үйің мен қонағыңның тұрағы. Балаң жақсы болса – екі
көздің шамшырағы. Әкең – асқар тау, шешең – аққан
1
«Ибраһим» сүресі, 34-аят.