Previous Page  10 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 144 Next Page
Page Background

Жұмақтың кілті жаныңда

10

шешенің арасын тек дүниелік мақсаттар байланы-

стырып, баланың тәрбиесі балабақша мен мектеп

табалдырығынан ары аса алмай, кенжелеп қалды.

Бойға берер жылуы жоқ қатал қоғамның тәрбиесімен

мейірімге өгей өскен балалар әке-шешесіне тілазар,

дауыс көтеріп, сөз қайтарудан қымсынбайтын, тіпті

қол жұмсаудан тайынбайтын дәрежеге жетті. Ата-

анасының жылы алақанын сезіне алмаған баланың

көңілі жетім, қартайғанда баласынан мейірім-шапағат

көре алмаған ата-ананың өзі жетім күйге түсті.

Өзіңнен туған ұл мен қыз

Сыйламаса сол қайғы

9

, – деп Төле бидің

айтқанындай, қара шаңырақ мұсылмандық қасиетінен

айрылып, көңілдерді мұң басты. Үлкенді сыйлау бар

болғаны сөз жүзінде қалды.

Бала-бала деуменен мазалымыз,

Баладан болар білем ажалымыз,

Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,

Келін деген даяр тұр тажалымыз

10

, – деп қарттарды

еңірететіндей қатігездікке қалай келдік?! «Ата-анаң

жынды болса байлап бақ» деп үйреткен халқымыздың

тарихында әке-шешесін қарттар үйіне, далаға тас-

тау деген жаман әдет бұрын-соңды болмаған еді.

Мұсылмандықтаналшақтағанқоғамныңқажеттілігіне

орай қарттар үйі ашылып, ішін сәбидей жаутаңдаған

қауқарсыз қарттармен толтырып қойдық. Бұл – ру-

хани тұрғыдан құлдырауымыздың белгісі емес пе?.

9

Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. 317-бет, Алматы,

Санат, 1997

10

Ақберен (XVIII-XX ғ-ғы қазақ ақын-жырауларының жырлары),

құр: Қ. Сыдықов. Алматы, Жазушы, 1972.