16
Жұмақтың кілті жаныңда
құлшылық жасау адамдар үшін нақты үкіммен
бұйырылған парыз болса, ата-анаға жақсылық жасау
да сондай маңызды парыздың бірі. Бұл аятта «нақты
үкім берді» деген етістіктің қолданылуының да өзіндік
сыры бар: Аллаһ тағаланың алдында құлшылық
жасамауға адамдардың айтатын ешқандай сылтауы
жоқ. Себебі адам баласын жаратып, өміріндегі барлық
нәрсені оған нәсіп еткен Аллаһ тағала. Сондай-ақ, ата-
ана ақысын аяқ астына таптауға да ешкімнің құқығы
жоқ. Себебі адам болып жаратылған күннен бастап
өмірінің соңына дейін оған жанашырлық танытатын
осы абзал жандар. Сондықтан Аллаһ тағала ата-ана
ақысына қатысты да «нақты үкім бердім» дейді.
Аятта ата-анаға жасалатын жақсылық араб
тіліндіге «ихсан» сөзімен берілген. Ихсан сөзінің
мағынасы «ата-анаға құрмет көрсеткенде, қолғабыс
жасағанда Аллаһты көріп тұрғандай шынайы әрекет
ету» дегенді білдіреді. Сахаба Абдуллаһ ибн Аб-
бас (р.а.) осы аяттың «ата-анаға жақсылық жасау-
ды бұйырды» деген бөлімін: «Ата-анаңның қасында
киіміңді сілкілеп қақпа, себебі киіміңнен шыққан
шаң-тозаң олардың мазасын алуы мүмкін», – деп
тәпсірлейді. Осылайша ата-ананың көңіліне шаңның
тозаңындай болсын кірбің түсіруге болмайтынын ай-
тып, мәселенің қаншалықты жауапкершілікті қажет
ететінін көрсетеді.
«Ниса» сүресінің 36-аятында да Аллаһ тағала
құлдарына:
«Тек қана Аллаһқа ғибадат етіп, Оған еш нәрсені
серік етіп қоспаңдар. Ата-анаға, туысқандарға,
жетімдерге, кедейлерге, жақын көршілерге, алыс
көршілерге, жол серігіңе, ғаріп пенжолаушыларға, қол