Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
19
Аллаһқа құлшылықтан кейін орындауымыз керек
міндет ретінде айтылатындай бұл мәселенің қандай
маңыздылығы бар? Бұл сұрақтың жауабын тәпсірші
ғалымдар былай деп түсіндіреді:
1) Адамның дүниеге келуінде негізгі себеп –
Аллаһ, жанама себеп – ата-ана.
2) Адам баласының материалдық және рухани
жағынан өсіп, кемелденуі ең әуелі Аллаһ тағаланың
нығметтеріне тиесілі болса, одан кейінгі орында ата-
ананың жанкештілігі, өздерін сол жолда пида етуге
даяр сүйіспеншілігі тұрады. Себебі ата-ана – баланың
жарық дүниеге келуінде дәнекер әрі оның өсіп-
жетілуін мойнына алатын тәрбиеші. Басқа адамдар
баланың тәрбиесіне үлес қосқанымен, оның дүниеге
келуіне себеп бола алмайды. Басқалары баланың
өсіп-жетілуіне қамқорлық жасағанымен, әке-шешесі
секілді шыбын жанын шүберекке түйіп, бары мен
жоғын оның жолына сарп ете алмайды.
3) Аллаһ тағала құлдарына беретін нығметтері
үшін ешқандай ақы талап етпейтіні секілді, ата-ана да
баласының жолына төккен бар қажыр-қайраты, есіл
еңбегі үшін түйірдей болсын ақы алуды ойламайды.
4) Аллаһ тағала құлдарын күнәһар болса да
нығметтеріне бөлегені секілді, ата-ана да баласының
тілазарлығына қарамастан өмірінің соңына дейін жа-
нашыры болып өтеді.
5) Аллаһ тағала құлдарының жасаған жақсы-
лықтарына Өзінің ұлықтығына тән сипатпен разы бо-
лып, сауабын молынан нәсіп ететіні секілді, ата-ана
да баласының жетістігіне шын жүректен шаттанып,
асқар шыңға қол жеткізуі үшін әрдайым демеп отыра-
ды. Сондықтан қасиетті Құран кәрімде кісі ақысына