24
Жұмақтың кілті жаныңда
мерейлендірсең, ата-анаң Аллаһқа шүкіршілігін
айтпай ма? Оның қазіргі бар арманы осы емес пе?
Осы қызықты одан кем көріп, ат-ізін салмай кететін,
сарғайтып, жолын тостыратын жастарға не деу-
ге болады? Әлпештеп өсірген баласы қайырымсыз
боп, тірідей суынып кеткен перзентін бір көруге зар
болған әке-шешені не деп жұбатуға болады? «Баланың
жақсысы – қызық, жаманы – күйік» – деген сөз осын-
дайда айтылса керек.
Мейірімділік пен дұға
«Исра» сүресінің 23-24 аяттарының соңында
былай делінеді:
«...оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен
құшақ жайып олар үшін былай деп дұға жаса: «О,
Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп
өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!».
Ата-ананы ренжітпеуіміз, олардың көңіліне
келетіндей сөздер айтпауымыз керек. Әрдайым
көңілдерін жадыратып, жылы сөздер айтып, жарқын
мінез танытып, олардың қас-қабағына қарап, хал-
жағдайларын айтқызбай аңғарып, көңілдерін тауып,
жағдайларын жасағанда кілем боп жайылып, төсек боп
төселе білу қажет. Аллаһ тағаланың ата-ана ақысына
қатысты қойған бір талабы – осы. «Иманы бардың
белгісі – тілінен тамар шырасы» – деп Шортанбай
ақынның айтқанындай, имандылығымыздың ныша-
ны іспеттес әдептілігімізді ата-анамыздың алдында
да ұмытпағанымыз абзал. Баласының сыпайы сөзі
мен жылы қабағы – ата-анаға үлкен қуаныш. Ибраһим
пайғамбар (а.с.) Құранда баяндалғандай, Аллаһқа
сенбейтін әкесінің өзіне «Әкешім!» деп мейірлене
сөз бастаған. Демек, Ислам тарихындағы бұл ұлық