28
Жұмақтың кілті жаныңда
ген жақсылықтарын ұмытпай, ата-анасының атынан
шүкіршілік білдіруді өзіне борыш санайды.
«Мәриям»
сүресінің
41-48
аяттарында
баяндалғандай Ибраһим пайғамбар әкесі Азәрді
тәухидке, бір Аллаһқа иман етуге шақырады, бірақ
әкесі оның сөзін тыңдамайды. Сонда Аллаһқа
сенбейтін әкесімен әңгімелесу барысында Ибраһим
пайғамбардың қалай әрекет еткені Құранда былайша
баяндалады:
«Бір күні ол әкесіне былай деді: «
Әкешім!
Неліктен сараң, көр, саған ешқандай пайдасы жоқ
нәрсеге табынасың?
Әкешім!
Ақиқатында сен бұрын-
соңды естіп-білмеген бір ілім маған берілді. Олай бол-
са, менің айтқандарыма құлақ сал, сені тура жолға
бастайын.
Әкешім!
Шайтанға құлдық ете көрме.
Себебі шайтан өте мейірімді Аллаһқа қарсы келді.
Әкешім!
Аллаһтың азабы басыңа келіп, шайтанның
жетегінде кетесің бе деп қорқамын».
Ибраһим пайғамбар (а.с.) мәңгілік бақыт пен
мәңгілік өкініш секілді екі жолдың торабында тұрған
әкесі үшін шыр-пыр болып, оны бақыт жағына қарай
тартуға тырысады. Жоғарыдағы аятта ол төрт мәрте
«Әкешім» деген сөзді қолданады. Әкесі оның сөзін
тыңдамайтынына көзі жеткен кезде:
«Аман-сау бол.
Раббымнан сен үшін кешірім сұраймын. Раббым
маған жақсылығын нәсіп етеді»
, – дейді. Ибраһим
пайғамбар осындай қиын кезеңнің өзінде әкесінің
жүрегін жараламауға ерекше мән береді.
Міне, Құранда баяндалғандай және Ардақты
Пайғамбарымыздың өмірінен көргеніміздей ата-
ананы құрметтеу пайғамбарларға тән мінез болған.
Олар Аллаһтың жер бетіндегі елшілері бола тұра, ата-