30
Жұмақтың кілті жаныңда
аләйһи уә сәлләм)
кезеңінде құлдық кең тараған әдет еді.
Тіпті оның зиянды белгілері XVIII-XIX ғасырларға
дейін жалғасын тапты. Пайғамбарымыз өмір сүрген
кезеңнің шарттарын ескере отырып ой талқысына
салар болсақ, хадис-те берілген мысал өте орынды.
Себебі қай кезеңде болмасын адамзат үшін ең басты
нәрсе – оның бас бостандығы. Адами қасиеттерін
жоғалтпаған жан аштыққа, кедейлікке шыдауы
мүмкін, бірақ құлдыққашыдай алмайды. АллаһТағала
бізге таңдау еркін, шешім қабылдау қабілетін берген.
Мұны ерік-жігер дейміз. Ерік-жігерді қолдану тек
бостандық арқылы жүзеге асады. Бас бостандығынан
айрылған адам өз еркінше шешім қабылдай алмай-
ды. Мұндай адам әйтеуір кеудесінде жаны бар тірі
өлік секілді. Еркіндік – Аллаһ тағаладан адам бала-
сына жер бетінде халифа болу үшін берілген үлкен
нығмет, баға жетпес қазына. Құлдықта жүрген адам
бостандыққа қол жеткізсе, өмірге қайта келгендей бо-
лады. Өлім аузында жатқан дәрменсіз ауруға сіз бір
дәрі беріп, сол дәрінің арқасында әлгі адамға шипа да-
рып, аяғынан тік тұрып кетсе, қуаныштан жүрегі жа-
рылып кете жаздамай ма? Бостандыққа қол жеткізген
адамның қуанышы да сондай. Сондықтан ардақты
Пайғамбарымыз «құлдықтан құтқарса ғана борышын
өтеуі мүмкін», – деген. Яғни сондай қымбат сыйды
тарту еткенде ғана перзент ата-ана алдындағы боры-
шын өтеуі мүмкін. Алайда байқап отырғанымыздай
Пайғамбарымыз бұл жерде «мүмкін» деген сөзді ше-
гелеп айтқан.
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сұхбаттарынан
нәр алып, сахаба деген абыройлы атаққа ие болған
бақытты жандардың бірі – хазрет Муаз ибн Жәбәлдан