Previous Page  35 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

35

елестетеді. Ауыр бір жүк артып, әзер тыныс алып,

діңкесі әбден құрыған қайғылы қаһарманның аһылап-

үһілегенін және босану кезіндегі жан қиналыстарын

көз алдымызға келтіреді.

Сонымен қатар, бұл аятта ананың асыл да ардақты

қасиетіне терең мән берген. Күн сайын даму үстіндегі

медицинаның берген мәліметтері адамды еріксіз

толғандырады. Баланың жатырға түсіп өсе бастауы-

нан кейін ананың ағзасында көптеген өзгерістер бо-

лады. Күнделікті ішкен асын жей алмай, тіпті, оған

қарай да алмай, айлар бойы қиналады. Ал баланың

сүйектері қалыптасу кезеңінде ананың қанынан

кальций артығымен бөлінгендіктен ана әлсірейді.

Жатырындағы кішкентай нәрестенің өсуі үшін өзінің

сүйегі еріп, содан бөлінген заттарды береді. Ағзадағы

бұдан басқа да күрделі құбылыстардың қасында бұл

айтқандарымыз өте мардымсыз мағлұматтар ғана.

Оны тілмен айтып жеткізу қиын.

Баланың жарық дүниеге келуі кезіндегі ананың

жан қиналысы да адам төзгісіз. Өзінің өміріне қауіп

төнсе де перзентті дүниеге әкелуге бел байлайды.

Бұның қиындығын аналар ғана жақсы біліп, сезіне

алады.

Сәбиіне сүт емізген кездегі құбылыс ерекше көңіл

бөлерлік. Баланы қолына алып алғаш емізген сәтінде

Аллаһ Тағала оған бар қиындығын бірден ұмыттырып,

алпыс екі тамыры иіген ананың көңілі мейірім мен

сүйіспеншілікке толады. Көрген қиындықтарына

қарамастан ана өзін бақытты сезінеді. Баланың

қиындығынан жалықпайды, керісінше, перзентінің

аман-сау өсіп жетілуін жан-тәнімен қалайды...