40
Жұмақтың кілті жаныңда
Әлгі адам: «Өзімді толығымен оған қызмет көрсетуге
арнадым. Қалайша оның алдындағы борышымды өтей
алмаймын?», – деп таң қалады. Сонда хазірет Омар
оған былай деп түсіндіреді: «Осы айтқандарыңды
анаң да бір кездері сен үшін жасаған. Бірақ ол бұларды
жасаған кезде сенің аман-есен өсуіңді қалап, ұзақ
ғұмырлы болуыңды тілей отырып жасаған. Ал сен
болсаң анаңа қызмет етіп жүргенде оның (көп ұзамай)
қайтыс болатынын біліп жүресің».
Міне, жоғарыдағы аяттар мен хадистерден көріп
отырғанымыздай, асыл аналардың ұлы махаббатын
дініміз айрықша бағалаған. Аллаһ тағаланың өзі олар-
ды үлгі ретінде ерекше атап өтіп, олардың ұрпағына
бағышталған жанкештілігін қасиетті Кітабында тілге
тиек еткен. Ардақты Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
анаға жасаған жақсылығымыздың толғақ қысқан
сәттегі бір тынысына да татымайтынын айтқан. Дініміз
аналардың дәрежесін осылайша асқақтатқанда анаға
деген құрметтен біздер қалайша кенде қалмақпыз!
Жақсылықты көздеген сен өсірген балаға,
Сүрінген бір кезде де сүйеу болған жан ана.
Не жетеді тағыңа, күндей етіп көтердің,
Ақ сүтіңді, анажан, немен ғана өтермін, – деп,
ақындарымыз жырлағандай, ананың ақ сүтін қайтсем
өтеймін деп неге шарқ ұрмасқа?! Олардың өмірдегі
ең ардақты жан екенін мойындап, ақ сүтін ақтауға
неге талпынбасқа?!
Ата-ананың ризашылығы
Адам баласының ең жоғарғы мақсаты –
Аллаһ тағаланың ризашылығына бөлену. Оның
ризашылығының қасында басқа дүниелік атақ-даңқ,
мансаптың бәрі түкке тұрғысыз. Өйткені олардың