Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
45
жасасын, туған-туыстарының да қамын ойласын»
38
, –
деп өсиет айтады.
Иә, ата-анаға жақсылық жасау – өмірдің ұзаруына
және рызықтың берекеттенуіне себеп болғаны секілді
сонымен қатар, Аллаһ тағалаға да шүкіршілік ету
мағынасына келеді. Себебі ҰлыЖаратушы бізге Құран
кәрімде
: «Әрі Маған, әрі әке-шешеңе алғыс айт!»
39
, –
деп бұйырады. Перзент ата-анасына жақсылық жа-
сау арқылы Аллаһқа да шүкіршілік айтқан болады.
Құранда Жаппар Иеміз:
«Егер шүкіршілік етсеңдер
Меннығметтерімді одансайынарттыратүсемін...»
40
,
– дейді. Демек, Аллаһ тағалаға шүкіршілік етіп, ата-
анасына адал болып, оларға қамқорлықтары үшін
алғысын білдірген адамдар қайырлы өмір сүріп,
молшылыққа кенеледі.
Қартайып, жас бала сияқты болып қалған ата-
ана сырттан қарағанда балаларына ауыр жүк секілді
көрінгенімен, негізінде Аллаһ тағаланың адамға
сыйлаған құнды қазынасы. Оларға жасалған әрбір
жақсылық қазған сайын алтын шығатын кенге
ұқсайды. Адам баласы осылайша алдында жатқан
алтындарды жинай-жинай қазынасы еш кемімейтін
шексіз байлық Иесінің, Аллаһ тағаланың құзырына
дейін келеді. Сол үшін де атам қазақ «Қариясы бар
үйдің қазынасы бар», «Қариясы бар үйдің дариясы
бар» деген емес пе?!
Айлығыңның аздығын желеу етіп, «әттең әке-
шешем өздері бөлек тұрғанда ғой, ақша жинауыма бо-
38
Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 156; 266-беттер; әт-Табәрани,
әл-Мужәмул-Әусат. IV, 32-бет.
39
«Лұқпан» сүресі, 14-аят.
40
«Ибраһим» сүресі, 7-аят.