46
Жұмақтың кілті жаныңда
лар еді» деген ойдан мүлдем аулақ болған жөн. Себебі
қайдан білесің, олар болмаса мүмкін жағдайың одан
да бетер болар ма еді? Асылында, ата-әже – үйдің
берекеті, отбасыңа келер пәлекеттің қорғаушысы.
Себебі Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір
хадисінде:
«Белі бүгілген қарттарың болмағанда
пәлекеттер бастарыңа сел секілді ағып келер еді»
41
,
– деген. Егер күн көрісің нашарлап, тарықсаң, оның
себебі әке-шешең, ата-әжең емес, басқа күнәларың.
Ешуақытта «Күн көрісіміз нашар, қолым қысқа», –
деп айтушы болма, себебі солар үшін үйіңе келген
берекет болмағанда, сенің күн көрісің одан да төмен
болар еді.
Мейірімді, рақымдыжәнеөтежомартАллаһтағала
сәбилерді бұл дүниеге жіберген кезінде арқасынан
рызықтарын да өте ғажайып түрде жіберіп, мәмелердің
ұшынан ауыздарына бал ағызғаны секілді, сәби
күйге қайта оралған, тіпті баладан да бетер мейірімді
қажет ететін қарттардың рызықтарын да берекетімен
жібереді. Мейірімі кең, шексіз жомарт Аллаһ тағала
олардың күнін сараң адамға қаратпайды.
«Негізінен
барлық жандының рызықтарын беретін – шексіз
күш-қуат иесі Аллаһ тағала»
42
, және
«Рызықтарын
өздері таба алмайтын қаншама тіршілік иелері бар.
Сендерге де, оларға да рызық беруші – Аллаһ»
43
, – де-
ген аяттар осы ақиқаттарды паш етсе, бір жағынан
әлем де осы ақиқатқа куәгерлік етеді. Тіпті тек қарт
кісілер ғана емес, адам баласына дос ретінде берілген
41
Мунауи. Фәйзул-Қадир. I,266-аят.
42
«Зарият» сүресі, 58-аят.
43
«Анкәбут» сүресі, 60-аят.