Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
47
мысық секілді кейбір жануарлардың рызықтары да
үйге берекет ретінде енеді.
Егер бір жануардың үйге келуі берекетке себеп
болатын болса, жаратылыс атаулының ең кереметі
– адам, адамдардың ең қадірлісі – жүрегінде има-
ны бар адам, ал имандылардың ішінде ең құрметке
лайығы – қариялар, қариялардың ішінде қамқорлық
пен сүйіспеншілікке лайығы – жақын туыстарың,
туыстардың ішінде ішкі жан дүниеңді түсінетін, сені
кіршіксіз жақсы көретін – ата-анаңның сенің үйіңде
тұруы, шаңырағыңа Аллаһ тағала рақымдылығын
жаудыруына, берекетін төгуіне бірден-бір себеп емес
пе?!
Мұсылман ғұламаларының бірі былай деген екен:
«Ақыреттік достарымның арасында Мұстафа Чавуш
деген бір досым бар еді. Дінінде де, жұмыс бабында
да үнемі жетістікке қол жеткізетін. Мұның сырын
түсіне алмайтынмын. Оның сырын кейіннен түсіндім.
Сөйтсем ол бауырымыз ата-анасын құрметтеп,
олардың ақысына қарсы келмейді екен. Сондықтан
бұл дүниеде Аллаһ тағаланың рақымдылығы мен
берекетіне кенеліпті. Құдай қаласа ақыретінде де
бақытты болар. Бақыт іздеген адам соған ұқсауы ке-
рек».
Иә, ана мен әке былай тұрсын үйдегі жан-
жануарлардың өзі Аллаһ тағаланың рақымдылығы
мен берекетіне себеп болады. Мысық екеш мысықты
да рызықсыз қалдырмайтын Рәззақ Аллаһ тағала, белі
бүгілген, аузынан дұғасы түспейтін ата-анамызға
рызығын қалайша жібермесін?!
Көптеген хадистерде ата-ананы сыйлап, туған-
туыстармен жақсы қарым-қатынаста болу – өмір