Previous Page  53 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

53

Жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы болған біздің

алдымызда да осы екі жол тұр. Біз де осы жолмен

міндетті түрде жүріп өтіп, арғы жаққа аттанары-

мыз бұлтартпас шындық. Ал бұл дүниенің есігінен

шығып, арғы дүниенің босағасын аттап басқаннан

кейін артқа қайта оралу жоқ. Сондықтан да бұл

дүниеде барымызды салып нұрлы жолға түсіп, сол

жолдан таймай мәңгілік жаннатқа жетудің қамын жа-

сауымыз керек. Өйткені ол жер – біздің алғашқы ата

мекеніміз. Бірақ бұл жолда алдымыздан кедергілер

мен асуы қиын белестердің де шығатындығын әсте

естен шығармағанымыз жөн.

Уысымыздан шығарып алған құтты мекенімізге

қайта кіру үшін жүректе жаннатқа кіруге берілетін

иман деген «рұқсат қағазы» болуы керек. Имансыз

ол өлкеге кіре алмаймыз. Жүрекке иман ұялаған соң

жаннатқа барудың жолын жеңілдетін басқа да себеп-

тер бар. Олардың ең маңыздылары намаз оқу, садақа

беру және адамзаттың игілігі жолында маңдай тер

төгу т.б. сияқты ізгі істер.

Өз кезегінде ата-анаға жақсылық жасау да

адамды жаннатқа апарар пырақ міндетін атқарады.

Жаннаттағы сыйға қол жеткізе білу үшін әуелі иман-

ды болмақ және осы иманымыздың дәлелі ретінде

әке-шешеге жақсылық жасау қажет. Егер оларды

ренжітіп, теріс батасын алған болсақ онда жаннатқа

кіруіміз екіталай. Өйткені, олардың ризашылығын алу

бізді Жаратушымыздың разылығына бөлейді. Олар-

ды ренжіту – Жасағанды ренжітумен тең. Айша ана-

мыздың (р.а.) бізге жеткізген бір хабарында Пайғам-

барымыз түсінде өзінің жаннатқа кіргенін көргендігін

және ол жерде біреудің Құран оқыған даусын естігенін