56
Жұмақтың кілті жаныңда
кезде ол: «Егер анаңа мейірімді болып, ренжітпесең,
тамағын ішкізіп, қарнын тойдырсаң және үлкен
күналардан аулақ болсаң жаннатқа кіруге үміт артсаң
болады»,– деген.
Харис әл-Уқәйли анасы қайтыс болған кезде егіле
жылапты. Бұған таңырқай қарағандарға: «Мен жы-
ламай кім жылайды, айтыңдаршы! Анам бақилық
болғаннан кейін мен үшін жаннатқа кіретін есіктердің
бірі жабылды ғой!» – деген көрінеді.
Ибн Аббастың жеткізуі бойынша Пайғамбарымыз
әке-шешеге жақсылық жасау арқылы жаннатқа
кіруге болатынын: «Қандай да бір кісі егер ата-анасы
оған риза болған күйде таң атырып, кеш батырса
оған жаннатқа кіру үшін екі есік ашылады. Егер де
керісінше ата-анасын ренжіткен болса, жаһаннамға
кіретін екі есік ашылады. Егер ата-анасының бірі тірі
болса, онда бір есік ашылады»,– деп айтқан.
Пайғамбарымыздан:
– Егер әке-шешесі баласын қағып-соғып оған
жамандық жасаса да оларға бала жақсы қарауы тиіс
пе? – деп сұрағанда ол:
– Иә, олардан жамандық көрсе де
53
, – деп үш
рет қайталап айту арқылы қандай жағдайда болса да
жақсылық жасау керектігін баса айтқан.
Күнәдан арылу
Ата-анаға жақсылық жасау адамға көптеген
қайырлы қақпалардың ашылуына себеп болумен
қатар, жолындағы кедергілерді де жояды. Әсіресе
бұл өткен өмірінде күнәға белшесінен батып, содан
арылудың жолын іздеп жүрген жандарға таптыр-
53
Ибн Хажар. Лисанул-мизан. III, 376-бет.