Previous Page  61 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

61

олардың рұқсатын алуың керек. Сен үшін парыз бо-

лып саналатын қажылық жасауда ата-анаң қарсы бо-

лып тұрса, кешіктіргенің абзал. Ғылым-білім үйрену

мақсатымен де жолға шығатын болсаң, олардан рұқсат

алуың керек»

57

, – дейді.

Демек, имам Ғазали де ата-ананы тыңдауды нәпіл

ғибадаттан үстем деп қарайды. Оның көзқарасы бой-

ынша тіпті егер бір адамға парыз қажылықты өтеуге

ата-анасы қарсы болса, қажылығын кешіктіріп,

кейіннен баруына болады дейді ғұлама.

Ата-ананың рұқсаты ма әлде жиһад па?

Ғаламның жаратылысындағы асыл мақсат –

Аллаһ тағаланың көркем есімдеріне айна болу. Бұл

айналардан Ұлы Жаратушы Өзінің өнерін тамаша-

лайды, әрі біздің сол өнерге деген таңданысымыздан

ләззат алады. Ал осы өнер туындылары ішінде жара-

тылыс әуенін нақышына келтіріп шырқайтын – адам

баласы. Ғажайып өнер туындыларына сәт сайын

жаңасын қосып тұратын Аллаһ тағала, адам ретінде

біздің өз міндетімізді атқарғанымызды қалайды.

Яғни: «Мен адамдарды басқа мақсат үшін емес,

тек қана Маған құлшылық етсін деп жараттым»

58

,

– деген аятында айтылғандай бізден Оны тануы-

мызды, таныған сайын Оған деген құрметіміз бен

ғибадатқа деген құлшынысымыздың арта түскенін

қалайды. Сонымен қатар осы құрмет пен ғибадатқа

деген құштарлықтың тек өзіміздің бойымызда болу-

ын ғана емес, мәңгілік бақыт мекені жаннатқа кіруге

арқау боларлық иман ақиқаттарын өзге де жандарға

57

әл-Ғазали. Ихияу Улумид-Дин. I I, 218-бет.

58

«Тур» сүреесі, 56-аят.