Previous Page  57 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

57

мас мүмкіншілік. Өткен өмірінде бетке дақ бола-

тын күнәларды жасап, кейіннен осы жасағандарына

өкінген, өкінгенмен қолдан келер қайран жоқ, енді

оны қалай жуып-шаямын деп жүрген адамдар

қаншама. Міне, осылай дәрменсіз күйге түскен адам

баласына мейірімі мол Аллаһ тағала қалтарыстан

шығу жолын ұсынады. Аллаһтың разылығына қол

жеткізгіңіз, амал дәптеріңіздегі күнәларды жойғыңыз

келсе, қара шаңырағыңыздағы киелі жандарды, яғни

ата-анаңызды қуантыңыз. Себебі олардың қуанышқа

кенелуі – сіздің күнәңыздың жойылуына бірден-бір

себеп болмақ.

Байқаусызда үлкен күнәға бой алдырып қойған бір

сахаба, өкініштен өзегі өртеніп, Пайғамбарымыздың

жанына келіп, үлкен күнә жасағанын, тәубесінің қабыл

болып-болмайтынын сұрайды. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

:

«Ата-анаң тірі ме?»

, – деп сұрайды. Са-

хаба ата-анасының қайтыс болып кеткенін өкінішпен

білдіреді.

«Онда нағашы әпкең тірі ме?»

, – деп сұрайды

Пайғамбарымыз. «Иә, тірі», – деп қуана жауап береді

сахаба. Пайғамбарымыз:

«Олай болса, нағашы әпкеңе

жақсылық жасап, оны қадір тұт»

, – дейді.

Пайғамбарымыз бір хадисінде:

«Нағашы әпке

– анаңмен бірдей»

54

, – деп, анасынан айрылған

адамдарға екінші жақсылық көзін ашқан. Ең бастысы

сіз өзіңізді жақсылық жасауға бейімдеп, соған қарай

ұмтылсаңыз болғаны. Ондай кезде Аллаһ тағала

сіздің алдыңыздан жақсылық жасау жолдарын мо-

лынан ашады. Пайғамбарымыз нағашы әпкелерді де

ұмытпай, оларға жақсылық жасалуын қалаған. Осы-

лайша ол бізге күнәларды жоюдың жолын көрсеткен.

54

Бухари. Сулх, 6; Мәғази, 43;