Previous Page  60 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 144 Next Page
Page Background

60

Жұмақтың кілті жаныңда

Мұндай адамдар әрдайым айналасындағыларға сырт-

тан қарағанда-ақ Аллаһ тағаланы естеріне түсіріп

тұратын нұрлы жолбастаушыға айналады. Көшеде,

базарда жүргенде оның жүзіне қараған адамның

ойына Аллаһ тағала оралады. Ол адам үнсіз тұрса да

дене пішімі, бет әлпеті Аллаһ тағаланы еске түсіріп

тұрады

56

. Нәпіл ғибадаттар құлдың діни өміріндегі

кем-кетіктерді толтырады. Оны Аллаһ тағалаға

жақындатып, Жаратқанның құдіретімен дарыған

бөлекше ізгі мінезін кемелдендіруге сеп болады. Нәпіл

ғибадаттардың діндегі орны осыншалық маңызды

болғанына қарамастан ата-ана ақысы одан да бір сүйем

биік тұрады. Осыған байланысты бір оқиға былай ба-

яндалады: бір күні Хишам ибн Хассан ғұлама Хасан

Басриден: «Құран үйреніп жүрген едім. Сондықтан

үйге кеш қайтамын. Құптан намазына дейін анам мені

үйде күтіп отырады. Осы әрекетім дұрыс па?» – деп

сұрайды. Сонда Хасан Басри: «Құптанның уақытында

үйіңде болып, анаңды қуантып, оған көңіл бөлуіңді

нәпіл ғибадат ретінде жасалған қажылықтың сауабы-

нан артық көремін», – деген екен.

Малики мәзхабының имамы Малик ибн Әнәс

ата-анасының рұқсатынсыз нәпіл қажылыққа баруға

болмайтынын айтады. Ғалым имам Ғазали: «Халал

немесе харам екені анықталмаған шүбәлі мәселелерде

ата-ананы тыңдау – парыз. Ал Аллаһ тағаланың

нақты харам деп үкім берген мәселелерінде ата-

ананы тыңдау парыз емес. Ата-анаң өздерімен

бірге отырып тамақтануыңды талап етсе, олардың

айтқанын орындауың керек. Сол секілді, нәпіл

ғибадат мақсатымен саяхатқа шығарда міндетті түрде

56

Бухари. Риқақ, 38.