64
Жұмақтың кілті жаныңда
бұрылды. Әбу Һурәйрә әбіржіп: «Уа, Аллаһтың расу-
лы! Маған теріс бұрылғаныңызды көріп тұрмын, мен
жайлы бір нәрсе естідіңіз бе?», – деп сұрады. Сонда
Аллаһ Елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Анаң ақ сүтімді
кешпеймін десе де, өз райыңнан қайтпай тұрсың.
Сендер әке-шешелеріңнің немесе олардың біреуінің
қасында болған кезде өздеріңнің Аллаһ тағаланың
жолында екендеріңді білмейсіңдер ме? Кімде-кім
ата-анасын аялап, оларға қызмет етсе, олардың бұл
қызметі – Аллаһ тағаланың жолында жиһад еткен-
мен тең», – деді. Әбу Һурәйрә болса осы оқиғадан
соң: «Пайғамбарымыздың әлгіндей сөзінен кейін,
анам қайтыс болғанға дейін екі жыл бойы ешқандай
соғысқа қатыспадым»
60
, – деген екен.
Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) өзі куә болған бір
оқиғаны былай баяндайды: «Бір әйел қасына ұлын
ертіп,Пайғамбарымыздыңжанына келді.Ұлыжиһадқа
қатыспақ ниетте болғанымен анасы оған қарсылық
білдіреді. Істің байыбына барған Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
жігітке: «Анаңның қасында қал. Жиһадқа
қатысқандай сауап аласың», –деді»
61
.
Әрбір мұсылман үшін Хақ дінді таратудан артық
ұлық міндеттің жоқ екендігі әмбеге аян. Қасиетті
Құранда бұл мәселе тайға таңба басқандай айқын
баяндалған. Алайда үйінде ата-анасына қарайтын
ешкім болмай, ата-анасы баласының көмегіне қатты
мұқтажболғанжағдайлардаПайғамбарымыз ата-анаға
қамқорлықты бірінші орынға шығарған. Ата-анасына
қарап, үйінде қалған жандардың жиһадқа қатыспаса
60
әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Кәбир. VIII, 228-бет.
61
Ибнул-Жәузи. әл-Иләлул-Мутәнәһия. II, 522-бет.