Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
69
рып болар емес. Баласы тұтқындықтан босап келіпті.
Ұлынан имамға тұтқындықтан қалай құтылғанын ай-
тып беруін сұрайды. Баласы басынан өткендерді ба-
яндай бастайды: «Бірнеше тұтқын Рим патшасының
түрмесінде едік. Күндіз қара жұмысқа жегіп, қараңғы
түскенде зынданға қайта әкеп қамайтын. Бір күні
қайтып келе жатқанда аяғымдағы кісен өзінен-өзі
үзіліп жерге түсіп қалды. Күзетші: «Кісеніңді неге
үзесің?» – деп дүрсе қоя берді. «Мен үзген жоқпын,
өзі үзіліп қалды», – дедім. Күзетші таңқалып,
қасындағы серігін шақырды. Екеуі темірші шақырып,
кісенді қайта тақпақ болды. Сөйтіп темірші шақырып,
кісенді тақтырды. Бірнеше қадам басқанымда кісен
қайтадан үзілді. Күзетшілер бұған таң қалып, мұны
дін қызметкеріне көрсетті. Дін қызметкері: «Анаң тірі
ме?» – деп сұрады. «Иә, анам тірі» – деп жауап бердім.
Дін қызметкері «Кісеннің кіліттенбей жатқаны
анасының қабыл болған дұғасынан болса керек», –
деп мені тұтқындықтан босатты. Жол азығымды да
қолыма ұстатып, өзімді мұсылмандардың жеріне дейін
апарып тастады». Бір қызығы, жігіттің аяғындағы
кісеннің шешіліп қала берген уақыты – имам мен
анасының дұға жасаған уақытына дөп келген екен.
Міне, қабыл болған дұға. Бұдан басқа өмірде
өзіміз куә болып жүрген ата-ананың баласы үшін
жасаған осындай қаншама қабыл болған дұғалары
бар. Пайғамбарымыз да
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ата-ананың
жасағандұғаларыныңАллаһтағалағатікелейжететінін
айтады. Демек, ақыретке дейін қаншама дұғалар әлі
қабыл болады деген сөз. Сондықтан ата-анамыздың
ыстық лебізі мен ықыласына бөленіп, қайыр дұғасын
алып қалуға тырысайық. Жақсылықтың жаршысы