Previous Page  71 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

71

«Үмбетім, үмбетім», – деп біз үшін шыр-пыр болған

Пайғамбарымыздан

(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)

басқаадамдардың

бәрі қарақан басының қамын ойлап жанталасады. Бұл

өмірде жан досым деп жүрген адамдардың да бір-біріне

көмегі тимей, әрқайсысы өз есесбінің уайымын жеп,

қайғырады. Адам баласы қандай дәрменсіз десеңізші!

Осы кезеңде оны уайымның қара терінен құтқаратын

тек қана Аллаһ тағала болмақ. Ал уайымның қара

теріне малынып тұрған адамдардың арасында Аллаһ

тағаланың назарынан мақрұм қалған пенделер де

бар. Олар ─ ата-аналарын қартайған шағында көшеге

тентіретіп немесе қарттар үйіне тастағандар. Аллаһ

тағала олардың қайырымсыз істегендерін алдары-

нан шығарады. Ата-анасы қартайып түкке қауқары

қалмай, баласының қамқорына барынша мұқтаж

болған кезде қалайша баласы одан теріс айналып

кеткен болса, енді ақыретте, дүниеде істеген әрбір

әрекетінің есебін беретін махшәр күнінде, адамдар

Аллаһ тағаладан кешірім мен мейірім күтіп тұрған

кезде, олар бейшаралық күйге түседі. Ол адам өзіне

қамқоршы таба алмай, жалғыз қалған ата-анасынан

да бетер күй кешеді. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

бұл жайында бір хадисінде:

«Аллаһ тағаланың

құлдары арасында кейбіреулері бар, Аллаһ ақырет

күні олармен сөйлеспейді, оларды ақтамайды, тіпті

оларға жылы шырай да танытпайды»,

– дейді. Сонда

Пайғамбарымызды тыңдап отырған сахабалар: «Ей,

Аллаһтың елшісі, бұлар кімдер?» – деп сұраған екен.

Пайғамбарымыз:

«Ата-анасына қарамай, тастап

кеткен баласы, сәбиін бағып-қақпай, жетімсіреткен

ана, біреу өзіне қанша жақсылық жасағанмен,