Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
77
қырауда ессіз далаға тастап кетіп бара жатқан жоқ
па?! Бұл не, ит-құсқа жем болсын дегені ме, жоқ,
әлде, аязда аштан қатып өлсін дегені ме?! Бұдан өткен
бақытсыздық, бұдан асқан масқаралық болар ма?!
Осындай қорқынышты әрі сұрықсыз ойлар жетегінде
іштей қаттымүжілген қарт онысын сыртқа сездірмеуге
тырысып бақты. Болған жайттан ешнәрсе ұқпаған тек
қарттың немересі ғана. Кіп-кішкентай бала жүрегі,
әйтеуір, атасынан айрылып бара жатқанды ғана сезіп,
көңілін қорқыныш биледі.
Қайтатын уақыт та таяды. Қоштасарда әкесінің
төсегіне еңкейіп, оны құшақтаған бойда өксігін
баса алмай көп жылады. «Мені кешірші» дегендей
бетінен, көзінен, қолдарынан қимай-қимай көп сүйді.
Екеуі де көз жастарына ие бола алмай, әкелі-балалы
құшақтасқан күйі күңірене іштей егілді. «Осыған
мәжбүр болдым, әке, қайтейін» дегендей ұлы артқа
қайта-қайта көз тастап, кішкене баласының қолынан
дедектете жетектеген күйі күркеден алыстай берді.
Көлікке келіп отырды. Қайтар жолға бет алғаннан-
ақ қасына ерте келген кішкене баласы «Атамды суық
жерге неге тастап кеттің?» деп ал кеп жыласын. Бала
сына не деп жауап берерін білмеген әке байғұстың
басы қатып, састы. «Шешең осылай болуын қалады»
деп айта алмады. Баласы бір уақытта жұлып алғандай
«Сен қартайғанда мен де сені осында әкелем бе?» де
генде, төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей
қалш-қалш еткен күйі тұрды да қалды. Бірден көлігін
кері қайта бұрды. Күркеге жете бере «Әке, мені
кеш?!» деп әке құшағына қарай далақтап жүгіріп,
тамағына тығылған ащы өксікке ие бола алмады.
Мойнынан тас қып құшақтады. Кемсеңдеген әке мен