76
Жұмақтың кілті жаныңда
Қақаған қыс айы. Даладағы үскірік аяз бет
қаратар емес. Қарсы алдарынан құйындатып борай
соққан қардан жолды әрең-әрең көріп келе жатты.
Қасында отырған кішкене баласы әкесінен қайда бара
жатқандықтарын мазалап, қанша сұраса да еш жауап
ала алмады. Ал өзін қайда апара жатқандығын бірден
ұққан көкірегі ояу қарт іштей егіле жылап, көзінен
сорғалай аққан жасын жеңімен сүрткен күйі немересі
мен баласына білдірмеуге тырысты.
Бірнеше сағат жол жүріп таудағы үйге де келіп
жетті-ау. Бұл жерге ат басын бұрмағалы да біраз
уақыт болыпты. Үйсымақ ағаш күркенің әбден
тозғаны соншалық, төбесінен су ағып, еденге тастаған
тақтайлардың кейбір тұстарышіри бастапты. Күркенің
бір бұрышын тазалап болғаннан кейін машинадағы
төсекті әкеліп, сол бұрышқа жайлап орналастырды.
Артынша басқа да заттарды өз орындарына реттестіріп
қойғаннан кейін ең соңынан әкесін түсіріп әкеп, әлгі
төсекке жатқызды. Ал, үй деп әкелген күркесі үйден
гөрі далаға көбірек ұқсайды. Едені сыз, суық күркеде
әкесі төсекке басы тимей жатып-ақ тісі-тісіне тимей
сақылдап, жаурай бастады. Денесі қалшылдап, тоңа
бастаған әкесіне қарап тұрып «Ертең жылырақ көрпе-
жастықтар әкеліп берермін» деп ойлады. Бірақ, өзегін
өртеген қалың ой мен еңсесін зіл ғып басқан мұңнан
біртүрлі арыла алмады. Ол осылайша өзін күнәлі
сезініп тұрғанда, әкесінің ішкі жан дүниесінде ала-
сапыран дауыл тұрып, көңілі астан-кестен күйде еді.
Қаншама жыл барын аузына тосып, аялап баққан
баласы қартайып, әл-ауқатынан айырылып, мына-
дай қауқарсыз күйге түскен шағында қадір-құрмет
көрсетудің орнына өзін тірідей көміп, қыстың көзі