Previous Page  73 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

73

құлдарының өзі. «Амалына қарай табары» демекші,

адам баласы іс-әрекетіне қарай жемісін алады.

Қоғамда ең жан түршігерлік көріністердің бірі –

адамның кәрі әке-шешесінежекіп, дөрекі сөз қайтарып,

қасиетсіздік танытуы. Осы көріністер баланың сана-

сына сыналап сіңген жағдайда әке-шешесіне де соны

жасауы кәдік. Адам өзінің қарт әке-шешесін сыйламай,

өмірдегі ең құрметті жандарды қадірлемесе, баласы

да қадірлі жан деген ұғымды білмей өседі. Туған әке-

шешесін сыйламаған адамның өзгені сыйлауы мүмкін

бе? Бұл болса баланың санасында ешкімді сыйлаудың

қажеті жоқ деген түсінікті қалыптастырады.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Сендер

әкелеріңе жақсылық жасаңдар, балаларың да сендер-

ге жақсылық жасасын. Сендер ар-намыстарыңды

сақтаңдар, әйелдерің де ар-намысты болсын»

67

, – де-

ген. «Не ексең, соны орасың» дегендей кейде адам

баласы басына келген қиыншылықтар мен қайғы-

қасіреттердің себебі не екен деп ойға батса, әрбір

қасіреттің астарында бір себеп барын байқайды.

Тағдыр әрдайым әділетті түрде үкім береді. Құранда

«Жақсылықтың нәтижесі жақсылықтан басқа не

болады?»

68

– деп, жақсылық жасаушының ізгілікке тап

болатыны айтылады. Осыған орай жамандық жасау-

шы да жамандыққа тап болады. Ата-анаға жамандық

жасалса, оның есесі міндетті түрде өз баласынан со-

лай қайтады. Мәшһүр ғұлама Мәуләна Жәлаләддин

Руми: «Бұл дүние тауға ұқсайды. Істеріміз болса да-

уыс секілді. Дауысымыз әдемі болса да, жаман бол-

67

әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. I, 299-бет; әл-Хаким. әл-

Мустәдрәк. IV, 171-бет.

68

«Рахман» сүресі, 60-аят.