Previous Page  70 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 144 Next Page
Page Background

70

Жұмақтың кілті жаныңда

болуға тырысып, Аллаһ тағаланың жолында қызмет

мақсатымен ізгілік істеріне құлшына кіріскенде де

үнемі ата-анамыздың дұғасын өзімізге сүйеніш етсек,

Аллаһ та жетістіктерін аямасы сөзсіз. Басымызға күн

туғанда ата-анамызбен бірге отырып, Аллаһтан тілек

тілесек Аллаһ тағала тілегімізді қабыл етеді. Себебі

ақ жаулықты аналарымыз, ақ сақалды әкелеріміз

және күнәдан пәк бүлдіршіндеріміз дұғаларымыздың

қабыл болуы үшін бізге шапағат бұлағы. Осы алтын

қазыналардың қадірін білгеніміз абзал.

Ата-ана ешқашан баласына жамандық тілемейді.

Сөйте тұра ата-анасына қан құстырған балалар

баршылық. Адамдық қасиетін жоғалтқан мұндай

перзенттерді ата-ананың қарғысынан сақтасын.

Себебі ата-ананың дұғасы да, қарғысы да дереу қабыл

болады. Ал қарғысқа ұшыраған баланың көсегесі

көгермейді.

Аллаһ тағаланың мейірімінен мақұрым қалу

Аят пен хадистерде айтылғандай Аллаһ тағала

ата-ана ақысына үлкен мән береді. Өзінің ақысынан

кейінгі ақыны ата-анаға берген. Екі дүниеде де

бақытты болғысы келгендер ата-анасының көңілінен

шығып, алғыстарына бөленуі тиіс. Аллаһ тағала ата-

ана ақысына осыншалықты мән берген болса, біз де

оның маңызын терең түсініп, аяқ асты етпеуіміз ке-

рек. Осы талпынысымыз үшін Аллаһ тағаланың бізге

ақыретте молынан сый берері анық. Керісінше Аллаһ

тағаланың бұл әмірін құлағына ілмей, ата-анасын зар

жылатқандарға ақыретте Аллаһ тағала назарын сал-

майды.

Ақыретте Аллаһ тағаланың алдында есеп беретін

махшәр күнін көз алдымызға бір елестетіп көрейік.