Previous Page  67 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

67

ма?» деп ойлады да намазын жалғастыруға шешім

қабылдады. Анасы қайта-қайта шақырды. Баласынан

жауап ала алмаған соң ең соңында «Аллаһым, балам

жаман пиғылды әйелдің кесірін көрмей қайтыс болма-

сын!» деп қарғады. Исраилұлдары өзара Жүрәйжтің

тақуалығын, құлшылығын әңгіме ететін. Сол өңірде

жаман жүріспен аты шыққан бір сұлу әйел бар еді.

Әлгі әйел: «Қаласаңдар, мен оны жолынан тайды-

рып берейін», – деді айналасындағыларға. Сөйтіп,

Жүрәйжтің басын айналдырмақ болды. БірақЖүрәйж

оған сыр бермеді. Сонда әйел бір қойшыға барды. Бұл

қойшы Жүрәйжтің шіркеуінің түбінде тұратын. Әлгі

әйел сол қойшыдан балатуып, баласынЖүрәйжтің ба-

ласы деп жария салды. Өз құлақтарына өздері сенбе-

ген халық ашумен Жүрәйжті шіркеуінен қуып шығып,

шіркеуді қиратып, өзін соққыға жықты. «Сендерге

не болған?» – деп сұрады Жүрәйж түкке түсінбей.

«Мына жезөкше туған баласының сенен екенін айта-

ды, бұған қалай дәтің барды!» – дейді ашулы халық.

Жүрәйж: «Бала қайда, оны маған алып келіңдер», –

дейді. Адамдар құндақтаулы нәрестені алып келеді.

Жүрәйж: «Мені босатыңдар, намазымды оқып

алайын», – дейді. Сөйтіп намазын оқиды. Намазын

бітіре сала нәрестенің қасына келіп: «Әй, бала, сенің

әкең кім?» – деп сұрайды. Сонда құндақтағы сәби:

«Пәленше деген қойшы», – деп жауап қатады. Мұны

естіген халық Жүрәйжке келіп: «Сенің шіркеуіңді

алтыннан соғамыз», – дейді. Жұрәйж болса: «Жоқ,

қажет емес, бұрынғыдай кірпіштен қалаңдар», –

дейді. Халық қайтадан шіркеу салады...»

63

.

63

Бухари.

Шәрикә. 35, Әнбиә. 48

; Муслим.

Бирр. 7,8