Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
65
да қатысқандармен бірдей сауапқа кенелуінің бір
хикметі осыдан болса керек.
Ата-анасының көңілін тапқан адамның
дұғасы қабыл
Абдуллаһ ибн Омардың (р.а.) жеткізген хадисінде
Пайғамбарымыз бағзы замандардағы үш кісінің басы-
нан өткен мына бір оқиғаны баяндау арқылы бізге аса
маңызды ақиқатты білдірген:
«Сендерден бұрын өмір сүрген үмбеттердің ара-
сында үш кісі жолға шықты. Кеш түсіп кеткендіктен
бір үңгірге барып түнеуге мәжбүр болды. Таудан до-
малап түскен үлкен бір жартас үңгірдің аузын бітеп
қалады. Араларындағы біреуі «бізді бұл жағдайдан
жақсы амалдарымызды шапағатшы ете отырып,
Аллаһқа жасаған дұғаларымыз құтқаруы мүмкін»,
– дейді. Сол кезде бірінші адам: «Менің әбден
қартайған әке-шешем бар еді. Мен оларға қатты
қамқорлық жасайтынмын. Кеш болса, олардың
қарнын тойдырмай тұрып бала-шағама да, малда-
рыма да ешнәрсе бермейтінмін. Бір күні отын алып
келу үшін алыс жолға шығуға мәжбүр болдым. Үйге
қайтып келгенімде екеуі де ұйықтап қалған екен.
Сүт сауып әкелдім, қарасам әлі оянбапты. Олардан
бұрын ешкімге ішкізіп-жегізуді қаламадым. Кеш бо-
лып кеткендіктен бала-шағам аштықтан аяғыма
оратылып жатты. Мен болса сүт құйылған ыды-
сымды ұстаған күйі олардың оянғанын күттім.
Өстіп жүргенде таң да атты. «Уа, Жаратқан Ием!
Бұны Өзіңнің разылығың үшін жасағанымды білесің,
үңгіріміздің аузын жауып қалған мына жартастың
аузын аша гөр!», – деді. Тас шамалы жылжыды.