Previous Page  81 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

81

мызды өтеп Аллаһ тағалаға шүкірлік еткен боламыз.

Сонымен қатар Ұлы Жаратушының разылығына

кенелеміз. Ата-анамыздың көзі тірісінде орындайтын

міндеттеріміз төмендегідей:

Ата-анаға жиі барып тұру

Ата-анамыздың көзі тірісінде атқаратын ең

маңызды міндеттеріміздің бірі – егер олардан бөлек

тұратын болсақ, үйлеріне барып, хал-жағдайларын

біліп тұру. Білім іздеп не жұмыс бабымен

олардан

бөлек тұруымыз мүмкін. Ондай жағдайда шамамыз

келгенінше жиі-жиі ата-ананың жанынан табылып

немесе үнемі телефонмен хабарласып, жағдайларын

біліп тұрған абзал. Бала-шағасының жағдайын біліп,

жақсы екенін естігенде олардың қарт жүректері

лүпілдеп, қуанып қалады. Көңілі орнына түсіп, жаны

жай табады. Ал олардың қуанышына себепші болу –

Аллаһ тағаланы қуантумен бірдей.

Ата-анамен байланысты үзіп тастау – жаннат-

тан мақұрым қалудың бір себебі. Сонымен қатар ата-

анасына бұлай жасаған адамды айналасындағылар да

құп көрмейді. Олармен байланысты үзудің жазасын

Аллаһ тағала пендесіне бұл дүниеде де, ақыретте де

тарттырады..

Ата-анаға көмек

Ата-анамыздың көзі тірісінде оларға қолқабыс бо-

лып, қызмет ету, көңілдерінен шығу өте маңызды әрі

діни тұрғыдан парыз. Осылайша

қартайып қаусаған

шағында оларға жайлы өмір жағдайын жасаған бола-

мыз. Мұндай ізгі әрекеттің жаннат қақпасының кілтін

қолға түсіруге себеп болары анық.