Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
85
Ойға түссе тізем деп,
Келін менен балаға
Қонақ болған уақытта,
Басынан билік кеткен соң,
Кемпір менен шал жетім
77
, – деп Қашаған
жыраудың жыр жолына төккеніндей, қарттардың
жетімсіреген көңілін аулап, қызметтеріне құрақ ұшу
келін үшін де Аллаһтың разылығына қарай жетелейтін
бір жол. Әрі келіннің оларға өзінің ата-анасындай
қарауы – көргендіктің белгісі. Себебі басына күн
туып, өзі де келінінің қолына қарап қалуы мүмкін.
Жұбайының осындай игі ісін күйеуі де бағалап, оған
алғысын білдірсе нұр үстіне нұр.
Ата-ананы тыңдау
Ата-ананың дінге қайшы келмейтін тілектерінің
бәрін орындауымыз керек. Тұрмыс-тіршілігімізде
олармен ақылдасып, пікірлерін тыңдап, көңілдеріне
қаяу түсірмегеніміз абзал. Егер ата-ана Аллаһ
тағаланың тыйым салған нәрселерін жасауды талап
етсе, оны орындау міндетті емес. Себебі адам бала-
сы үшін Аллаһ тағаланың ақысы бірінші орында
тұрады.
Сахаба Әнәс ибн Малик Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір күні сахабаларына Аллаһ
тағаланың Мұса пайғамбарға берген әмірлері жай-
лы әңгімелегенін баяндайды. «Ей, Мұса! Егер жер
бетінде «Лә иләһә иллаллаһ» деп шәһәдат сөзін
(куәгерлік сөзін) айтатын адам болмаса, жер бетін
тозаққа айналдырар едім. Ей, Мұса, жер бетінде
77
Ақберен (XVIII-XX ғ-ғы қазақ ақын жырауларының жырлары),
120-бет.