82
Жұмақтың кілті жаныңда
Оларға қызмет ету арқылы берекетті әрі қайырлы
өміргеқолжеткіземіз.Мынаныестеншығармағанымыз
абзал: Аллаһ тағаланың разылығына жетелейтін
жол – ата-ананың ризашылығына бөлену арқылы
ашылады. Аллаһ тағаланың азабы мен қаһарына
ұшыраудың ең маңызды себептерінің бірі – ата-ананы
жалғызсыратып қараусыз қалдыру. Ата-ана біз үшін
Аллаһ тағаланың аманаты болғандықтан, олардың
көңілдеріне қаяу түсіріп, жүректерін жаралау – үлкен
күнә. Мұндай адамдарға Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
:
«Олар орны толмас өкінішке ұрынып, опық
жейді!»
– деген ескертуін жасайды.
Сахаба Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.): «Әлсіз, бей-
шара құл ұр да жық қатігез иесінің алдында қалай
құрдай жорғаласа, сен де ата-анаңның алдында сондай
бол», – деп бізге ата-ананың алдында өзімізді қалай
ұстауымыз керектігін көрсетеді. Ата-ананың екеуінің
де ақысы өте маңызды болғанымен, сый-құрмет пен
қамқорлыққа ие болу жағынан ана бір қадам алда
тұрады.
Ата-анамыз басқа дінді ұстанса немесе дінсіз
болса да оларға қызмет ету міндетіміз. Олардың басқа
дінді ұстануы ақысын аяққа таптауға себеп емес.
Олардың напақасын тауып, материалдық көмегімізді
көрсетіп, үйлеріне барып тұруымыз қажет.
Бір күні Мұса пайғамбар Аллаһ тағаладан
жаннаттағы көршісінің кім болатынын сұрапты.
Сөйтсе көршісі қасап екен. Әлгі қасапты тауып алып,
сыртынан бақылап қараса, қасап ет пісіріп, піскен
ет пен сорпасын жүдеу тартқан бір әйелге ішкізіп-
жегізеді. Үсті-басын тазалап береді. Мұса пайғамбар
қасаптың қасына келіп, әйелдің кім екенін сұрағанда: