Previous Page  83 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

83

«Бұл – менің анам. Кәрілік жеңіп, қауқарынан айрыл-

ды. Күніге оған өстіп қараймын», – дейді. Сол кезде

Мұса пайғамбар қарт ананың: «Уа, Раббым, ұлымды

жаннатта Мұса пайғамбарға көрші ете гөр!» – де-

ген батасын естиді. Сонда Мұса пайғамбар қасапқа:

«Саған сүйінші хабарым бар. Аллаһ тағала сені жан-

натта Мұса пайғамбармен көрші етті», – дейді.

Қарт кісілерге қарау өте үлкен сауапқа қол

жеткізумен қатар сол қарттардың әсіресе ата-анаңның

дұғасын алып, көңілінен шығып, жан-тәніңмен

қызмет ету

72

әрі бұл өмірде, әрі арғы дүниеде бақытты

болуға

73

жол ашатыны көптеген хадистерде айты-

лып, өмірде де шындыққа айналып отыр. Қарт әке-

шешесін алақанына салып аялаған перзент кейін өзі

қартайғанда баласынан да сондай жақсылық көретіні,

ал керісінше, сор маңдай перзент әке-шешесінің жан-

жүрегіне қаяу түсірсе, ақырет азабымен қоса бұл

дүниеде де түрлі бәле-жалаға ұшырап, сазайын тарта-

тыны көптеген оқиғалармен расталған

74

.

Тек қана қарттарға, сәбилерге, туысқандарына

ғана емес, егер мұсылманның кеудесіне иманның

нұрымен себілген «мұсылманды бауырым деп қарау»

сезімі болса, онда алдынан шыққан ауру қартқа да

шынайы көңілімен қызмет етуі – Ислам дінінің тала-

бы.

72

Бухари. Әдеп. 1-6; Муслим. Бирр. 1-6, 9, 10.

73

Муслим. Бирр. 9; Тирмизи. Дәауат. 110; әт-Табәрани. әл-

Мужәмул-Әусат. IX, 16-бет; Бәйхаки. Шуабул-Иман. VII, 463-

бет.

74

Муслим. Әдахи. 45; Ахмед ибн Ханбел. Муснәд. I, 118; 152-

беттер.