58
Жұмақтың кілті жаныңда
Сонымен қатар махшәр күні Аллаһ тағаланың алды-
на ақ маңдай, жарқын жүзбен баруымызды тілеген.
Жоғарыда баяндалған жайға ұқсас бір оқиғаны
сахаба Ата ибн Ясар былай деп әңгімелейді: «Бір
күні сахабалардың ішінде ең саңлақтарының бірі –
Абдуллаһ ибн Аббастың жанына бір кісі келді. Кел-
ген кісі: «Мен бір әйелмен үйленуге келісіп қойған
едім. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Мені тастап, басқа
біреумен үйленіп кетті. Содан мен өшпенділікпен әлгі
әйелді өлтірдім. Менің жағдайым туралы не айтасыз,
тәубам қабыл бола ма?» – деп сұрайды». Абдуллаһ
ибн Аббас «Анаң тірі ме?» – деп сұрады. Келген
кісі «Жоқ», – деп жауап қатты. Сонда Абдуллаһ ибн
Аббас: «Олай болса Аллаһқа шын көңілден тәубе ет
және Оның разылығына жетелейтін істерді істеуге
тырыс», – деді. Абдуллаһ ибн Аббастың қасына барып,
оның әлгі кісіден неге анасы жайлы сұрағанын білгім
келді. Сонда ол: «Аллаһ тағалаға жақын болып Оның
сүйген құлдарының арасына кіру жолында анаға
жақсылық жасау және оның ақ батасын алудан артық
ешқандай жол білмеймін»
55
, – деп жауап беріпті.
Әбу Науфал осыған ұқсас бір оқиғаны былайша
баяндайды:
«Күндердің бірінде хазірет Омарға (р.а.) бір
кісі келіп, қылмыс істегенін айтты. Омар «Қандай
өкінішті! Ол қылмысты біле тұра жасадың ба, әлде
байқаусызда болды ма?» – деп сұрады. Әлгі кісі
байқаусызда жасағанын айтты. Сол кезде Омар одан
«әке-шешең тірі ме?» деп сұрады. Ол әкесінің көзі
тірі екенін айтқан кезде Омар оған: «Уақыт оздырмай
55
Бухари, Әдәбул-муфрад. I, 15-бет; Байхақи. Шуабул-иман. VI,
205-бет.