Previous Page  51 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 144 Next Page
Page Background

Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы

51

келеді. Бірақ қолымнан ешнәрсе келмейді», – дейді.

Пайғамбарымыз одан:

«Әке-шешең тірі ме?»

– деп

сұрайды. «Анам тірі», – деп жауап береді әлгі саха-

ба. Сонда Пайғамбарымыз қолдағы алтынның қадірін

өсиеттеп:

«Олай болса анаңа құрмет көрсетуден

бір сәт қол үзбе. Оның көңілін табудың жолдарын

қарастыр. Егер осылай жасасаң қажылыққа да,

умраға да барғандай сауап аласың. Аллаһ жолын-

да жиһадқа қатысқандармен сауабың тең болады.

Анаң саған дән риза болса, онда одан кейін үнемі

тақуалықтан айрылма және анаңа да қолғабыс

бол

»

49

, – дейді.

Аллаһ тағаланың мейірімі мен рақымы қандай

кең десеңізші! Парыз еткен және құлдарының жа-

сауын қалайтын амалдарды құлдары қолынан кел-

мей жасай алмай жатса, шамалары келетін небір

мүмкіншіліктер ұсынады. Сондықтан адам әке-

шешесінің көзі тірісінде осындай мүмкіншіліктерді

қолдан жіберіп алмағаны абзал. Бәріміз өмірге бір

мәрте келеміз. Олай болса әке-шешеміз жанымыз-

да тірі жүрген кезде оларды жаннатқа алып бара-

тын пырақ деп біліп, Аллаһ тағаланың разылығын

ата-ананың разылығынан іздеуіміз керек. Сахаба

Абдуллаһ ибн Аббас бізге Пайғамбарымыздың бы-

лай дегенін баяндайды:

«Кімде-кім ата-анасына

сүйіспеншілік пен жылы шырай танытып қараса, сол

көзқарасының өзі оған «хажж-мәбрур» жасағандай

сауапқа кенелтеді»

50

. Хадистегі «хажж-мәбрур» де-

ген сөз адамды анадан жаңа туылғандай күнәсіз,

49

Әбу Яла. әл-Муснәд. V, 149-бет; әт-Табәрани. әл-Мужәмул-

Әусат. IV, 372-бет.

50

әл-Мунауи. Фәйзул-Қадир. V, 483-бет.