Previous Page  50 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 144 Next Page
Page Background

50

Жұмақтың кілті жаныңда

көрсете аламыз

48

. Бұл қауым – Нинова деген халық

еді. Саны жүз мыңға жететін бұл адамдарға Аллаһ

тағала елші ретінде Жүніс пайғамбарды жіберген-ді.

Бірақ қауымы оған сенбеді. Соның салдарынан Аллаһ

тағала оларға азап ретінде түнерген қара бұлттарды

жіберді. Нинова халқы төбелеріне азап бұлттарының

шүйілгенін көргенде барып тәубелеріне келіп,

жасағандарына өкінді. Аллаһ тағалаға шын дұға жа-

сап жалбарынды. Жүніс пайғамбардың айтқандарына

сеніп, іске асыратындарына уәде берді. Сонда

Аллаһ тағала азап бұлттарын кері қайтарды. Яғни

тағдырларында азапқа ұшырау жазыла тұра, Аллаһ

тағала олардың шынайы түрде жасаған дұғаларын

қабыл етіп, азаптан құтқарды.

Адам баласының ғұмыр жасы да Аллаһ тағаланың

тағдырында жазылған. Ажалымыздың қай кезде

келетіні біз туылмай тұрып белгіленіп қойған. Уақыты

келгенде өлім періштесі әрбір адамның қонағы бо-

лады. Бірақ жоғарыдағы хадистерде баяндалғандай,

ата-анамызға жасаған жақсылықтарымыз, олардың

көңілінен шығып, риза етуіміз ғұмырымыздың ұзақ

әрі берекетті болуына себін тигізеді. Аллаһ тағала

кең пейіл жомарттығымен бізге Қадір түнін сыйға

тартып, күрмеуі қысқа мына өмірде бір түнде сек-

сен жылдық сауап жинау мүмкіншілігін бергені

секілді ата-анамызға жақсылық жасау арқылы бізге

ғұмырымызды ұзарту, берекеттендіру және жемісті

өмірге қол жеткізуге жол ашқан.

Қажылық пен умраға тең сауап

Бір күні Аллаһ елшісіне

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір

сахаба келіп: «Аллаһ тағала жолында қызмет еткім

48

«Жүніс» сүресі, 98-аят.