Құран аяттары мен хадистердегі ата-ананың ақысы
49
үйіне барып, ағайыншылық татулықты нығайтқан
сайын Аллаһ тағала оларды кедейліктен құтқара бас-
тайды. Малдары мен табыстарының берекетін артты-
рады. Балаларының санын көбейтіп, отбасына бере-
кет жаудырады
46
.
Сахаба Сәлман Фариси (р.а.) Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Басқа келетін қауіп-қатерге дұға
ғана кедергі бола алады. Ал адамның ғұмырын ата-
анаға жасалған қамқорлық қана ұзарта алады»
47
, –
деген хадисін баян етеді.
Аллаһ тағала ғаламдағы барлық нәрсені белгілі
бір бағдарлама мен жоба бойынша жаратқан. Барлық
тіршілік иесінің қашан туылатыны, қай кезде өлетіні,
түрінің қандай болатыны, басынан кешетіндері және
т.б. сол секілді барша мағлұматтар Аллаһтың шексіз
ілімінің аясындағы әу бастан белгіленген жайттар.
Мұны «жазмыштың жазуы», яғни «тағдыр» дейміз.
Тағдырда жазылғандар уақыты келгенде іске асады.
Ал дұға жасап, тілек тілеудің құдіреттілігі сонда, ол
осы тағдырда жазылып, басымызға келейін деп тұрған
оқиғалардың өзгеруіне себеп бола алады. Яғни бір
адамның тағдырында «Құрт ауруынан қайтыс бола-
ды», – деп жазылған болса, шын көңілден жасалған
дұға нәтижесінде Аллаһ тағала әлгі адамның дертіне
шипа беріп, ұзақ өмір сүргізуі мүмкін. Дегенмен бұл
өзгеріс те Аллаһ тағаланың ілімінің аясында іске аса-
ды. Бұған мысал ретінде Құранда баяндалған Жүніс
пайғамбардың қауымының басынан кешкен оқиғасын
46
әл-Хаким әт-Тирмизи. Нәуадирул-Усул. II, 190-бет; әл-Мунауи.
Фәйзул-Қадир. V, 479-бет.
47
Тирмизи. Қадәр. 6; әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Кәбир. VI, 251-
бет.